Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың інісі тоқал алуға қарсы екенін айтты

Заңғар Нұртас “Taboo” бағдарламасында екінші әйел алуға қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/zangaar

“Менің ойымша, үйдің берекесі болмайды. Ең алдымен бірінші әйелді “қатырып” алу керек. Екі әйел алдың дейік, балаларың не ойлайды? Ана анама кетті, мына анама кетті деп жүре ме? Дұрыс емес деп санаймын. Тоқал алу шариғатта бар. Әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке зәру әйелдерге болысып, демеу беруге болады. Бірақ ресми түрде әйел қып алуға қарсымын. Кейін екі әйел де бақытты болмайды. Бақыт болмаған соң берекенің де болуы екіталай”, – деп ойын ашық айтты Заңғар.

Айдарбековтер әулетінің кенжесі болашақ әйелі үйдің берекесі болса дейді. “Сен үшін қыз қандай болу керек?” деген сұраққа Заңғар: “Ең бастысы, үйдің берекесін келтіруі керек. Береке болса, бәрі болады. Тазалығы, адамгершілігі мен барлық жағдайға түсіністікпен қарай білсе екен деймін. Адам мінсіз болмайды. Сол сияқты қызда қылық болмаса, тағы қызықсыз. Маған еркелеп, өкпелемесе, арақатынасымызда қызық ештеңе қалмайды. Бірақ оның да өз орны бар, шектен шықпаған  дұрыс”, – дейді ол.

Талқылау