Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың әйелі туған күнінде өзіне зәулім үй сатып алды

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова 33 жас туған күнінде өзіне үлкен сый жасады. Актриса зәулім үй сатып алды. 

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне үлкен үй сатып алды. Бұл оның 33 жасына жасаған сый. 

"Үй іздеу операциясын бастағаныма жақында 1 ай болады. "Балаларға да, өзіңе де ұнаған үйді көрсетіп, бағасын айтсаң болды” деген соң Қайрекені бұл миссиядан босаттық. Күнде ұйықтар алдында балалар болашақ үйлерінің қандай болатынын айтып жатады. Сіздер де жер үй алуға кеңес бердіңіздер. Сөйтіп жүріп небір үйлер мен құрылыс компанияларын көрдім", - деді Жұлдыз ханым.

Туған күніне орай актриса сүйінші жаңалығын айтты.

"Достар, сіздерге айтар ерекше жаңалығым бар. Өзім қатты толқып тұрмын. 33 жас туған күніме өзіме алғаш рет үлкен сый жасадым. Үй сатып алдым. Құттықтасаңыздар болады", -деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова. 



Бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа үй іздеп жатқанын айтып, оқырмандарынан кеңес сұраған еді. Ол балаларға ыңғайлы, кең баспана іздеді. Ақырында тапқан үйін көрсетті. 

"Аллаға шүкір. Қатты қуанып тұрмын. Құттықтаулар мен көрімдіктеріңізді дайындаңызда. Көп ойланбай, біз үй алдық! Туған күніме үлкен сый болды. Сіздерге де жұғысты болсын. "Әумин деп қойыңыздар. Алдағы уақытта бәрін көрсетемін", - деп жазды Жұлдыз. 

Жұлдызды жолдасы, бала-шағасы мен ата-анасы, желідегі оқырмандары құттықтап жатыр. 

"Құтты болсын", - деп жазды Салтанат Бақаева.

"Жули, құтты болсын, жаным", - деп жазды Сара Тоқтамысова.

"Берекелі болсын", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

"Құтты болсын!!!", - деп жазды Төреғали. 

"Құтты, берекелі болсын!", - деп жазды Қарақат Әбілдина. 

"Биылдан қалмай маған да үйлі болу бұйырсын", "Барша қазаққа жұғысты болсын", "Неге Қайрат алып бермейді үйді?", "Сол Қайраттың, ата-енесінің арқасында алды ғой", "Құтты болсын, бірақ мен демей біз десеңіз жақсы болар еді, ата-ененің, Қайраттың да қосқаны бар ғой", - деп жазды желідегілер. 

Мөлдір Төлебай
Жұма, 16 Сәуір, 2021 12:55
Талқылау