"Қайрат Нұртас сияқты ертіп жүремін": Нұржан Төлендиев әйелін сахнаға шығарғысы келетінін айтты
“Алдараспан” театрының жетекшісі, актер Нұржан Төлендиев сахнаға әйелін шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Өнер иесі әйелінің өнер адамы екенін айтып, алдағы уақытта сахнаға шығуына қарсы емес екенін жасырмады.
“Бұл кісі де Райымбек Сейтметовтің шәкірті болған. Өнерді бітірген. Драма мен эстрада бойынша білім алған. Енді балаларды ер жеткізіп алсын, сосын Қайрат Нұртас сияқты мен де әйелімді ертіп жүрсем, несі жаман?!" – деп әзілдеді актер.
Еске салайық, актер екі жыл бұрын қызын ұзатып, немерелі болған еді.
“Адамның бір қызығы – бала деген. Осы сөз бәріміздің басымызды тойда қосып отыр. Қызымыз өрісін тапты, “құда-жекжатты болып жатырмыз, немереміздің тойында отырамыз” деп анасы екеуміз қуанып жатырмыз. Әке жүрегі қимайды, қызғанады, алаңдайды, бірақ жастардың келешегі бақытты болады деген сенім бізді марқайтады. Адам ұрпағымен жасайды, ұрпақты болыңдар, айналайын”, –деп Қорлан қызына ақ тілегін арнаған еді.