Қайрат Нұртастың қызы отандық бейнебаянда бой көрсетті (видео)
Қайрат Нұртастың екінші қызы отбасылық концертте-ақ алаулаған биімен көптің көзіне түскен еді. Гүлзира Айдарбекова өзінің “меншікті қызы” санайтын Алауды болашақта биіктен көретініне сенімді. Бүгінде Үсенқызының сүйікті немересі әжесіне еңбегінің жемісін көрсете бастады, деп жазады Stan.kz.
Алау Қайратқызы отандық “Қарлығаш ұя салғанда” телехикаясына түсті. Анасының жолын қуып, өзін актерлік қырынан сынады. Ал күні бүгін аталған телехикаяның саундтрегі жарыққа шықты.
“Үміт” әнін КешYou тобының экс-солисі Сара Амангелді орындаған. Тың туындының әнін жас сазгер Шоқан Уәлихан жазса, сөзі танымал ақын Айнұр Тұрсынбаеваға тиесілі.
Айта кетейік, жақында көрерменге жол тартатын телехикаяда басты рөлді Кәмшат Жолдыбаева мен Еркебұлан Дайыров сомдаған.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
1 қазанда Blue Origin NS-36 миссиясымен ғарышқа ұшатын экипаждың құрамын жариялады. Онда қазақстандық Данна Қарағұсова да бар

"15 түрлісін іштім": Қазақстандық әйел нутрициологтың берген БАД-ынан кейін өлім аузынан қалған
Тоғжан: "85 мың теңгеге анализ тапсырдым"