Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың хит әніне композиторлар таласып қалды

Қайрат Нұртастың орындауындағы “Жаралы жанның әні бұл” әнінің авторы деп жұрт Ғазизханды біледі. Алайда жақында Жазира Байырбекованың туған ағасы Ербол Байырбеков “ән менікі” деген мәлімдеме жасады.

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Ағам хабарласып: “Менің әнімді Ғазизхан Шекербековтің әні деп Қайрат Нұртас айтып жүр”, – деді. Сөзін Ақмарал Леубаева жазған екен. Ерболды әнін тыңдамай, Ғазизхан өзі шығарған ғой. Бірақ ол Ерболдың әніне ұқсап кеткен. Өзім де түсінбей қалдым, ағамның әні ма, Ғазизханның әні ма”, – деп шатасты Байырбекова.

“Туған қарындасы ағасының әнін танитын шығар, қойыңыздаршы, не әңгіме ол? Ұят емес па?” – деп ашуланды Ғазизхан.

Ғазизхан Шекербеков

Ұрлық жасаған емеспін деп мәлімдеген Ғазизхан әннің шығу тарихын айтып берді.

“Ол мәтін Мақпал Жүнісова апамызға арналып жазылған. Ақмарал Леубаева осыған ән жазып көрші, Ербол Байырбеков деген ағаң ән жазды, бірақ ол сәл келіңкіремейді деді. Мен ол кісінің әнін де тыңдаған жоқпын. Жаздым, сосын оны Қайрат Нұртас орындады”, – деп түсіндірді Ғазизхан.

Алайда Ербол Байырбеков Ғазизханның бұл сөзіне аса сенбейді.

Композитор Ербол Байырбеков

“Әнді Мақпал апамызға беремін деп едіңіз, Қайратқа беріпсіз ғой. Құтты болсын, дедім. “Бұл әнді сен жазып па едің?” деп өзі ойланып қалды. Бірдеңе дұрыс емес екені көрініп тұрды. Кейін әнді теледидардан беріп жатыр, астында басқаның есімі жазылған. Жыным келді”, – дейді Жазира Байырбекованың ағасы.

Ербол Байырбеков қандай ақын сөз жазса да, өз әнін анадайдан танитынын айтады. Алайда Жазира Байырбекова ағасын жақтап отырған жоқ. Себебі:

“Ғазизханға: “Бұл менің ағамның әні”, – деп айтайын десем, анық көзім жетіп тұрған жоқ. Ал ағама: “Ғазизхан сені тыңдамай тұрып шығарған”, – дейін десем, біртүрлі. Әндер кейде бір-біріне ұқсап жатады. Өз басым Ғазизханның да, ағамның да өнерін жоғары бағалаймын. Екеуіне де жақ емеспін”, – дейді ол.

Ал білікті музыкант Медеу Арынбаев қос әннің нотасында ұқсастық жоқ, алайда ырғақ жағынан ұқсайды деп түсіндірді.

Жіберіп алмаңыз:

Индира Расылхан өзін “маймылға” теңеген әйелді орнына қойды

Төреғалиді жақсы көрмеудің бес себебі

Данэлия Төлешова ұлтына қатысты сұрақтарға жауап берді (видео)

Мәдениет министрі Төреғалидің концертінде шыққан дауға қатысты пікір білдірді

Талқылау