Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың бөлесі, қобызшы Ақерке нәрестелі болды (видео)

Қайрат Нұртастың бөлесі, белгілі қобызшы Ақерке Тәжібаева тұңғышын босанды. Ол күні кеше, 7 қаңтар күні қызды болды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Аллаһыма сансыз шүкіршілік! Бүгін біз үшін ерекше күн! Тұңғышымыздың дүниеге есік ашып келуі. Бізге ықылас білдіріп, дұға тілектеріңізді арнап, құттықтап xабарласып жатқандарыңызға алғысымызды білдіреміз!” – деп бөлісті Ақерке инста-парақшасында.

Өз кезегінде Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова да желідегі оқырмандарынан сүйінші сұрап, нәрестеге есім қоюға атсалысуға шақырды.

“Есенжолым мен Ақеркешім нәрестелі болды. Алла, періштемізді ғұмырлы етсін! Жақсы есім қоюымыз үшін ат салысыңыздар. Мүмкін біздің ойлағанымыздан да жақсы есім, сіздерден болып қалар. Қыз бала”, – деп сұрады Гүлзира Үсенқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайберген әлемдік турнесін тоқтатып үйіне оралды (видео)

“Қозы мен Баян” телехикаясын сынаған журналист Баян Мақсатқызының әкесіне жауап берді

Атышулы 91 тобы Оңтүстік Корея астанасында өнер көрсетті (видео)

Асхат Маемиров: Ерланды орға жыққысы келген пенденің де Алладан алатын жазасы бар

Талқылау