Қайрат Нұртастың әйелі ұлттық арнада бағдарлама жүргізетін болды (видео)
Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова көпшілікке эстрада жұлдызының сүйіктісі ретінде ғана емес, актрисалық қырымен де танылған еді. Ендігі ол өзін жүргізуші ретінде байқап көрмек, деп хабарлайды Stan.kz.
Жұлдыз Әбдікәрімова «Қазақстан» арнасындағы бағдарламалардың бірін жүргізетін болды. Бұл туралы белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан мәлімдеді.
«Қазақстан» арнасында жаңа жұлдыз», – деп жазды ол Instagram-парақшасында.
Сондай-ақ, Жұлдыздың жүргізушілік етуімен түсірілген бағдарламадан үзінді жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал Қайрат Нұртастың жұбайы әзірге жаңа қызметі туралы пікір білдірген жоқ.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”