Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас төрт баласымен бірге концерт қойғалы жатыр

Өзгелер жеке концерт беру үшін бес жылдап күтсе, Қайрат Нұртас жыл сайын тыңдарманымен үлкен сахнада қауышуды әдетке айналдырған. Биыл хитмен әнші дәл Наурыз мерекесі күні астаналық және алматылық тыңдармандарымен кездеспек ниетте, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алайда бұл жолғы концерт бұрынғыдан өзгерек болмақ! Себебі Қайрат алғаш рет сахнаға үлгілі отағасы әрі әке рөлінде шықпақ.

Желіде алда болатын концерттің афишасы пайда болды. Фотодан Қайрат пен Жұлдызбен қатар, жұптың төрт бірдей баласын көруге болады.

“Ананың мәңгілік жемісі, ол өзінің баласы. Ал баласының жеңісі анасының жетістігі. Менің жетістігім мен жеңісім ұлымның және отбасым, немерелеріммен сіздердің қатысуларыңызбен есте қаларлық, көңілді кештің куәсі болуларыңызға шақырамын! Өздеріңіз қолдап, қорғап шыңға шығарған Қайраттарыңыздың кешін бірге тамашалайық”, – деп бөлісті Гүлзира Үсенқызы.

Айта кетейік, Қайраттың ән кеші 19 наурыз күні Астанадағы Қазақстан орталық концерт залында және 22 наурыз күні Алматыдағы Республика сарайында өтеді.

Жіберіп алмаңыз:

Боянып отырған Қайрат Нұртас жұрттың қызу талқысына түсті (видео)

Жұлдыз Әбдікәрімова үйде отыруының себебін айтып жұртты күлдірді (видео)

Гүлзира Айдарбекова: Қыз бала жағдайыңның бәрін жасап, жан-жақты қамтамасыз етеді

Талқылау