Қайрат Нұртас түсіріп жатқан фильмнің прокатқа қашан шығатыны белгілі болды
Қайрат Нұртас өзі түсіріп жатқан «Келін» фильмінің түсірілім жұмыстары туралы айтып берді.
Бүгін Астанада қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Open Air шоу-концерті өтіп жатыр. Осы кеште өнер көрсеткен Қайрат Нұртас шығармашылықтағы соңғы жаңалықтарымен бөлісті. Әншінің айтуынша, қазір ол түсіріп жатқан «Келін» романтикалық көркем фильмінің түсірілім жұмыстары аяқталып қалған, деп жазады Егемен Қазақстан.
Әншінің айтуынша, фильм күзге салым көпшілік назарына ұсынылады. Фильм режиссері Қайрат Нұртас кинода футболшы рөлін сомдап, өзін жаңа қырынан көрсетпек. – Алға қойған мақсаттарым ретімен орындалып жатыр. Көптеген жаңа әндер жаздырдым. Күзге қарай жеке концертімді де өткізбекпін, – дейді Қайрат Нұртас.
Мерекелік кешті тамашалауға келген 50 мыңға жуық қала тұрғыны мен қонақтардың басы «Қазақ елі» монументі алаңында тоғысты. Алуан түрлі шығармашылық топ шоғырланған концертке Қайрат Нұртас, Глюкоза, Төреғали Төреәлі, МОТ, Анна Семенович, Джиган, Алексеев, «Винтаж» сияқты ТМД елдерінің танымал эстрада әншілері қатысып, астаналықтарға серпіліс пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Тағы да оқыңыз:
Ел миллионердің қызын алған Шоқанды «есеппен үйленген» деп сынады
Гүлзира Айдарбекова келіні туралы бар шындықты айтып берді
Отбасылы актермен көңіл қосқан KeshYou тобының экс әншісі босанды