Қайрат Нұртас барар жеріне тез жету үшін 500 мыңға тікұшақ жалдайды
Қаладағы ұзын-сонар кептелісте тұрғысы келмейтін эстрада еркелері мен серкелері енді такси-тікұшақ жалдайтын болған.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Мың аттың қуатын бойына тоғыстырған жүзден жүйрік жаңа технологияны қазақстандық жұлдыздар да қолданады. Оны өз тәжірибемнен білемін деген ұшқыш Игорь Медведев шоу-бизнес фавориті Қайрат Нұртастың өзін тасымалдағанын айтып қалды.
Оның айтуынша, тікұшаққа тапсырыс берушілер қатары тек шоу-бизнес өкілдерімен шектелмейді.
“Біз өз уақытын бағалайтын жандармен жұмыс істейміз, көбінесе бай-қуаттылармен қатар шетелдіктерден көп ұсыныс түседі. Табиғат туризмі тағы бар. Сондай-ақ орманды өрттен қорғау мақсатында күзетіп, қажет кезінде жедел жәрдем қызметін де атқардық”, – дейді Игорь Медведев.
Иә, расында да бұл қызмет ақысын тек қалталы азаматтар төлей алады. Себебі оның құны 500 мың теңгеден басталады. Мәселен, Алматыдағы Шарын шатқалына небәрі 1 сағатта барып, 1 сағатта қайтуға болады. Оның құны 560 мың теңгені құрайды.
Жіберіп алмаңыз:
Жетінші кезеңді артта қалдырған Димаш бүгін елге келеді
Димаш Құдайберген “Дайдидау” әнімен жетінші кезеңде үшінші орын алды (фото, видео)
Әкешім, сені сағындым! Айсәуленің әкесі туралы жазбасы көптің көзіне жас келтірді
Баян Мақсатқызы: Маған қалай өмір сүру керектігін үйретпеңіздер