Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетінші кезеңді артта қалдырған Димаш бүгін елге келеді

“I am a Singer” байқауының жетінші кезеңінен кейін әнші Димаш Құдайбергенов Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш-240217-9

Бұл туралы Димаштың әр ісін жіті қадағалап отыратын қытайлық жанкүйерлер хабарлады.

Бірнеше айдан бері Қытай елінде жүрген Димаш туған жерін әбден сағынса керек-ті. Жобаны жалғастырып жатқанына қарамастан ол Қазақстанға бірнеше күнге келіп-кетпек.

Ол ақпанның 28 күні Қытайға қайтып, әрі қарай келесі кезеңге дайындалады.

Димаш билет-240217

Есте болса, Димаштың жетінші кезеңде үшінші орын алғанын жазған едік. Бұл жолы Димаш кезінде “Славянский базар” байқауында өзіне жеңіс алып келген қазақтың халық әні “Дайдидауды” орындаған.

Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан I am a Singer жобасы бас-аяғы 14 кезеңнен тұрады. Жобаның әр кезеңінде жеңіске жеткен қатысушыға кубок табысталады. Сайыс соңында ең көп жүлдені еншілеген өнерпаз жеңімпаз деп танылады. Әзірге Димаштың қоржынында үш бірдей кубок бар.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың есімі соңғы бір айда 64 448 рет аталған

Джеки Чан Димаштың суреті бейнеленген футболка киіп жүр (фото)

Ғаламда жоқ дауыс: Әртүрлі ел өкілдері Димаш жайлы не дейді?

Димаш Құдайберген танымал көлік брэндінің жарнамасына түсті (фото)

 

Талқылау