Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан Димаштың суреті бейнеленген футболка киіп жүр (фото)

Желіде Джеки Чанның Димаштың суреті бейнеленген футболка киіп түскен суреті пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Джеки и Димаш3-080217

Суретте әлемге әйгілі Қытай актері Димаштың портреттері ілулі тұрған бөлмеде тұр. Джеки Димаштың суреті бейнеленген ақ түсті футболка киіп алған.

Суретті Димаштың атынан ашылған фейк парақшалар мен фан-клуб парақшалары жарыса жариялап жатыр.

джеки футболка димаш

Алайда суреттің сапасының нашарлығын ескерген қазақстандық және қытайлық желі оқырмандары оның шынайылығына күмән келтіріп, желіде өзара ұрсып жатыр.

“Фотоны өшіріңіз, бұл фотошоп, оның Димашқа кері әсері тиіп кетуі мүмкін”, “бұл жасалған фотосурет, ең дұрысы өшіре салу керек”, “бұл Димашқа минус болады, өшіріңдер”, “Димашты ұятқа қалдырмай өшіріңдер”, “Сізге мұнда қазақ түгілі қытайлар жалынып жатыр ғой өшір деп. Неге түсінбейсіз? Айтып жатыр ғой Димашқа кері әсері тиіп кетуі мүмкін деп. Джеки Чан қанша ақкөңіл болғанымен, Қытайдағы өте маңызды адам дейді. Қытайлық фанаттар бүгін бұл туралы вейбода жазысыпты, Джеки Димаштың өнерін бағалап жүргенде ортасына түсініспеушілік салмай-ақ қояйық”, “Бұл жағдай бұрын да Қытайда болған, соңы жақсылықпен бітпеген дейді. Өтінем өшіріңіз”, – дейді қытайлық және қазақстандық фанаттар.

Әзірге желіні шулатқан суреттің шынайы не жалған екені белгісіз.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш жетінші кезеңде қазақша ән орындайды

Ғаламда жоқ дауыс: Әртүрлі ел өкілдері Димаш жайлы не дейді?

Димаш Құдайбергеновтың әкесі қызметтік мансабын тастады

Ғани Қасымов: Димаш бұдан былай қазақ әншісі емес

Димаш Құдайберген танымал көлік брэндінің жарнамасына түсті (фото)

Талқылау