Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш жетінші кезеңде қазақша ән орындайды

Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан “I am a Singer” байқауының жетінші кезеңінде өзінің ана тілінде ән салуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz. 

Dimashi-210217

Бұл туралы желіде қытайлық жанкүйерлер жарыса жазып жатыр. Олардың пайымдауынша, Димаштың ата-анасы оған қолдау көрсету үшін арнайы Қытайға атбасын бұрған.

“Димаш 7-кезеңде Қазақстанның әнін орындайды. Ата-анасы оған қолдау көрсету үшін Қытайға келе жатыр. Димаштың кезекті ән орындауын асыға күтеміз”, – деп жазады Кристина Куан есімді қытай қызы.

Димаш-7 кезен

Айта кетейік, “I am a Singer” жобасының алты кезеңі артта қалды (бас-аяғы 14 кезең). Оның үшеуінде Димаш Құдайбергенов жеңіске жетті. Екі кезеңде үздік үштікке енсе, тағы біреуінде бесінші орынды еншіледі.

Алтыншы кезеңде Димаш атақты Лара Фабианның “Adagio” әнін орындап, жеңіс тұғырынан көрінді. Алтыншы кезең эфирден 25 ақпан күні көрсетіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Ғаламда жоқ дауыс: Әртүрлі ел өкілдері Димаш жайлы не дейді?

Қайрат Нұртастың әкесі тағы да бейнебаян түсірді (видео)

Сүйіктісі Мақпал Исабекованың туған күніне естен кетпес тосынсый жасады (видео)

Рано Омарова өзі асыға күтіп жүрген тойының болмайтынын айтты

Талқылау