Димаш Құдайберген “Adagio” әнімен алтыншы кезеңде жеңіске жетті

Бейсенбі, 16 Ақпан , 2017 15:54

Димаш Құдайбергенов I am a Singer байқауының алтыншы кезеңінде Лара Фабианның әнін орындап, тағы да жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

20170216111145

Бұл туралы Қытай әлеуметтік желілері жазуда.

Димаш атақты әнші Лара Фабианның «Adagio» әнін айтып, қытайларды тағы да аузына қаратты. Жерлесіміз осымен үшінші рет жеңіс тұғырынан көрінді.

«Сүйінші! Димаш тағы шулатты! Бірінші орын! Кеше «Singer» байқауының келесі айналымы өтті. Димаш пианиномен «Adagio» әнін өте жоғары деңгейде орындап, көрермендерді жылатты. Әннің ортасына келгенде жұрттың бәрі орындарынан тұрып, қол соқты. «Димаш, Димаш», деп жанкүйерлердің айғайлаған үні бір сәтке толастамады», – деп жазылған Қытайдағы Wechat әлеуметтік желісінде.

20170216111052

Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан “I am a Singer” байқауы бас-аяғы 14 кезеңнен тұрады. Оның алты кезеңі артта қалды. Әр апта сайын жеңіске жеткен өнерпазға бір кубоктан табысталады. Соңғы аптада ең көп жүлдені еншілеген өнерпаз жеңімпаз деп танылады. Әзірге 6 кубоктың үшеуі қазақ әншісінің еншісінде. Яғни, өзгелермен салыстырғанда жеңіске Димаш бір табан жақын тұр.

18 ақпан күні Астана уақытымен сағат 20.05-те байқаудың бесінші кезеңі көрсетіледі. Онда Димаш Бруно Марстың репертуарындағы «Uptown Funk» әнін орындайды. Қазақ әншісі бұл кезеңде бесінші орынды иеленіп, төменге сырғыған еді. Ал алтыншы кезең келесі сенбіде Hunan TV арнасынан берілмек.

20170216111102

Есте болса, Димаштың даусына тәнті болған Лара Фабиан оны кездесуге шақырған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың қытай тіліндегі әнін 3 күнде 11 миллион адам қараған (фото)

Қытайлық фанаттар үйлерінің сыртына Димаштың атын жаздырып алған

Димаш Қытайдағы қарсыласына домбыра сыйлады (видео)

Димаш Құдайберген Канн фестивалінде өнер көрсетеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар