Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Канн фестивалінде өнер көрсетеді

Қытайдағы “Singer-2017” xалықаралық байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген Канн кинофестивалінде ұлттық павильонның ашылуында өнер көрсетеді.

Dimashi_140217

Бұл туралы baistars.kz басылымы жазды.

“Ағымдағы жылы мамырдың 17-18-і күндері өтетін Канн кинофестивалінің 70 жылдығы аясында қазақстандық киноға арналған ұлттық павильон ашылады. Аталған павильон мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен орнатылады. Оған Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы да атсалысады. Ұлттық павильонның ашылуына орай университет өнерпаздарының концерті өтеді. Оған Димаш та қатысады деген жоспар бар. Ол елге танымал музыканттармен бірге өз өнерін паш етпек”, – дейді университет ректоры Айман Мұсақожаева.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева үшінші курста оқитын Димаш Құдайбергеннің АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласына оқуға баруы мүмкін деп мәлімдеген. Димаш Құдайберген «Singer-2017» байқауының 5-кезеңінде «Uptown Funk» әнімен бесінші орынды иеленді.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қатысып жатқан «Singer-2017» ән байқауының төртінші кезеңі эфирден көрсетілді.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмаханның студенттік шақтағы суреті елді дүрліктірді (фото)

Биші қыз Америкадан Нұрлан Қоянбаевтың “егізін” тауып алды (видео)

“Ninety one” тобының фанаттары мұқтаж жандарды тамақтандырып олардың батасын алды (фото)

Қуандық Рахым өзіне қарата алмаған қызды ақырында тастап кетті (видео)

Талқылау