Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандық Рахым өзіне қарата алмаған қызды ақырында тастап кетті (видео)

Қалың көрерменнің сүйіктісіне айналып үлгерген Қуандық Рахымның кезекті бейнебаяны жарыққа шықты.

Куандык_140217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қалайда” атты әнге түсірілген бейнебаян әдеттегідей махаббат тақырыбын сөз етеді.

Оқиға желісі бойынша, Қуандық боянып-сыланғанды ұнататын “замануи” қызды қарату үшін барынша тырысып бағады. Оған қайта-қайта гүл сыйлап, көңілін аулайды. Алайда өзімшіл қыз жігіттің қадіріне жете алмайды. Ақырында бәрінен шаршаған Қуандық қолын бір сілтеп кетіп қалады. Тек сол сәтте адал махаббатынан айырылып қалған бойжеткен есін жияды.

Айта кетейік, көрерменге “Музарт live” жобасы арқылы танылған Қуандық бүгінде продюсер Жанна Әбуованың қарамағында жұмыс істейді. Эстрада әлеміне қосылғанына әлі бір жыл болмаса да, Қуандықтың қоржынында бірнеше бейнебаян бар.

Жіберіп алмаңыз:

Тележүргізуші Жанат Бақыт сауатсыз жұлдыздарды сынап тастады

Көпшілік “Валентин” күнімен құттықтаған Салтанат Бақаеваға ұрсып тастады (фото)

Ұлықпан Жолдасов Димашқа мәтіні ағылшынша ән жазып берді

Айгүл Иманбаева жеке өмірінің құпиясын ашты (фото)

Талқылау