Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық фанаттар үйлерінің сыртына Димаштың атын жаздырып алған

Димаш Құдайбергеновтің Қытай еліндегі танымалдылығы күн санап артуда. Жанкүйерлер оған деген ілтипаты мен сезімін әртүрлі жолмен білдіріп жатыр. Олар қазақ әншісіне күн сайын әртүрлі сипаттағы сыйлықтар мен хаттар жіберетін болған. Ал ең адал тыңдармандар оның есімін үйлерінің сыртына жаздыртып алыпты.

Dimash Kitai-150217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Аспан асты еліндегі жанкүйерлер Димаштың қыр соңынан қалмайтын болған. Олар Димаш отыратын ұшақ рейсіне билет алуды да әдетке айналдырған. Одан бөлек, Қытай нарығын Димаштың суреттері бейнеленген заттар жаулап алған.

Енді, міне қытайлық жанкүйерлер Димаштың есімін өз үйлерінің сыртына жаздырып алыпты. Әншінің есімі жазылған баннерде ағылшын тілінде “Біз Димашты жақсы көреміз” (“We love Dimash”) деп жазылған. Одан бөлек СМС-дауыс берудің нөмірі мен Димаштың реттік саны көрсетілген. Осылайша жанкүйерлер Димашқа қолдау білдірсе керек-ті.

Dimash Ui_150217

Жіберіп алмаңыз:

 Димаш Қытайдағы қарсыласына домбыра сыйлады (видео)

Димаш келесі кезеңде атақты Лара Фабианның әнін орындайды (фото)

Димаштың қытай тіліндегі әнін 3 күнде 11 миллион адам қараған (фото)

Ұлықпан Жолдасов Димашқа мәтіні ағылшынша ән жазып берді

 

Талқылау