Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеновтың әкесі қызметтік мансабын тастады

Миллиардтаған тыңдарманның жүрегін жаулаған әнші Димаш Құдайбергеновтың әкесі Қанат Айтбаев қызметтік мансабын аяқтады. Бұл туралы КТК хабарлайды.

1458215250_img_0163-copy

Фото: aktobetimes.kz

Қанат Айтбаев енді алдағы уақытта барлық уақыты мен күш-қуатын ұлының шығармашылығына арнауға ниетті. Соңғы жылдары ол Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасына басшылық жасаған еді.

Бір ай бұрын Қытайдағы “I am a singer” шоуы Қанат Айтбаевты қонақ ретінде шақырған еді. Сол уақыттан бері ол ұлының қасында. Елге келгеннен кейін қызметтен кету туралы арызын жазған.

Облыс әкімінің оның өтінішіне қол қойған-қоймағаны алайда әлі белгісіз.

Оқи отырыңыз:

 Баян Есентаева соттан бұрынғы күйеуінің үкімін қайта қарауды өтінді

Мақпал Жүнісова ауласындағы қарды неге өзі күрегенін түсіндірді

“Арнау” дуэті тарап кетті ме? (видео)

Ғани Қасымов: Димаш бұдан былай қазақ әншісі емес

Талқылау