Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Арнау” дуэті тарап кетті ме? (видео)

Нұржан Керменбаев “Анамды іздеймін” (“В поисках мамы”) кинофильмінің саундтрегіне бейнебаян түсірді. “Қара бала” деп аталатын туындыда әнші өзі туралы сыр шертеді.

арнау-200217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Соңғы уақыттары “Арнау” дуэтінің әншілері топтың жұмысына емес, жеке шығармашылықтарына көп көңіл бөле бастаған. Нұржан Керменбаев та, Салтанат Бақаева да жеке-жеке ән жаздырып, бейнебаяндар легін жарыққа шығаруда. Оған қоса, Нұржан Керменбаев Айдана Меденова, Жанар Дұғалова сынды өзге танымал арулармен бірігіп дуэт айта бастаған.

Салтанат Бақаева да қалыс қалған жоқ. Жаңа жылдық концерттердің бірінде ол жас әнші Қуандық Рахыммен бірге жаздырған жаңа әнін тыңдармандарына ұсынды.

Десе де “Арнау” дуэті тарады деген ақпарат әзірге жоқ. Топ ептеп той-томалақтар мен концерттерге қатысып тұрады.

Ал Нұржан Керменбаев жеке әнші ретінде кезекті бейнебаянын жарыққа шығарды. Ән атауы Нұржанның ел арасында кеңінен танылып кеткен лақап атымен бірдей.

Бейнебаянға “Анамды іздеймін” фильмінде басты рөлді сомдаған Тәуекел Мүсілім мен Азамат Ұланов түскен.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Қыздармен жұмыс істеуден шаршадым

Ғани Қасымов: Димаш бұдан былай қазақ әншісі емес

Көпшілік Бүркіттің ата-анасын голливуд жұлдыздарына ұқсатты (фото)

Жұбайына гитарамен ән арнаған Кенжебек көпшілікті сүйсінтті (видео)

Талқылау