Ғани Қасымов: Димаш бұдан былай қазақ әншісі емес

Дүйсенбі, 20 Ақпан , 2017 11:31

Еліміздің экс-депутаты Ғани Қасымов әнші Димаш Құдайбергенов жайында пікірін айтты. Ол Димашты әлемдік маңызы бар феноменге теңеді, деп хабарлайды Stan.kz.

касымов и димаш

“Мен үшін Димаш Құдайбергенов – әлемдік маңызы бар феномен, ол енді қазақ әншісі емес, ол Жер шарының барлық континенттеріне тиесілі гауҺар тас. Алайда туған өлкесі – оған күш пен шабыт сыйлайтын, оның ғажап талантынының кеңеюіне, ашылуына септігін тигізетін бесік. Ол ұлы Әміренің, дала дәстүрлері мен мәдени өркениеттің жалғасы. Мұндай игілігі бар біз оны мақтан тұтып қана қоймай, сирек ұшырасатын құндылық ретінде көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Сондай-ақ, оның қайталанбас, ғажайып дарынының әрі қарай дами түсуіне барлық қолайлы жағдайларды жасауымыз керек. Мен солай ойлаймын”, – дейді Ғани Қасымов.

Димаш феномен-200217

Желі оқырмандары Қасымовтың пікірін қоштай түсті. Көпшілік оның әсерлі сөздеріне таңдай қақты.

“Оның ата-әжесі де, ата-анасы да өте қарапайым әрі мәдениетті адамдар, олар кәсіби әнші әрі музыканттар, сондықтан Димаштың үлгі алатын адамдары бар”, “Димаштың бар өмірі алда, халық әлі-ақ оған деген махаббатын білдіреді, ал ата-анасын ҚР-дың ең үздік наградаларымен марапаттау қажет”, “Сізбен қазақ халқы келіседі”, “Дұрыс айтасыз, аға”, “Осындай пікірді естігім кеп жүргелі қашан”, “Көпшілік оның қадірін түсінбеді, енді ол Қытайдағы байқауға қатысып, бүкіл елді мойындатып жатыр”, “Сіздің сөзіңізге қосарым – ол әзірге сирек кездесетін алмас тас, егер мемлекет қолдау көрсетсе ол нағыз гауһарға айналар еді”, – дейді олар.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш пандалармен кездескен әлемдегі бірінші елші атанды (фото, видео)

Нұржан Керменбаев: Күніне 200 теңгеге жанды дауыста ән салатынмын

Димаштың бала кезінде берген сұхбаты елді сүйсінтті (видео)

Димаш бесінші кезеңде орындаған әннің видеосы пайда болды (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

28
Комментариев
  • Anonymous says:

    Ол улкен енбек ондай жастар талай шыгады егерде дурыс тарбие дурыс демеу дурыс енбек

  • Anonymous says:

    Димаш алга!

  • Anonymous says:

    Мен Ғани ағамның пікіріне сөз жоқ келісемін!
    Бұлақ көрсең, бетін ашдеп, Аман Жүрсін!
    Арамызда жүргенінде қадіріне жете алмаған екенбіз, кейін нағыз талант жата ма? ,
    Ой түбінде жатқан сөз, шер толқытса шығады, демекші, су түбінде жатқан жақұтымыз екен!
    Димаш балаға, Ақ Жол! Тек қана Сəттілік!
    Бір Қазақтың қара баласы!
    Барында бағалап, жүйрік тұлпарымыздың тағасын тағалайық!

  • Anonymous says:

    Тек Алла жар болсын

  • Anonymous says:

    Как получилось так,что наши звёзды не увидели сверкающего бриллианта ? Он ослепителен ведь с первого взгляда…. Я поражена.

  • Anonymous says:

    Алла жар болсын, тіл көзден аман жүргей

  • Anonymous says:

    Осындай пикирлер неге тек қазір ғана айтылып жатыр екен? Димаш оз өнерин қытайда ғана ашып көрсеткен жоқ қой? Сол дауыспен, сол корикпен елімізде де журди емес пе? Типти қатты сын айткан өнер жұлдыздары да қазір 180-ге бұрылып, мактай жөнеліпті.

    • Anonymous says:

      Оте орынды айттыныз! Биздин онердин майталмандары ореси тар ма алде кореалмаушылыктан багалай алмады ма деген ой мени де мазалайды

    • Anonymous says:

      оған ешкім қатты сын айтқан емес. жай алып қашпа сөз. сол бағдарламаларды қараңыз түгел

  • Anonymous says:

    Алла тағала тіл-көзден,адам мен хайуаннан жəне осы атақ-даңқынан келетін жаманшылықтардан сақтай көрсін!Димашқа тигізген көмегіміз сыртынан дұға жасалық !

  • Anonymous says:

    Ғани Қасымовты қолдаймын орынды айтыпты

  • Anonymous says:

    Димашқа Алла жар болсын…

    • Anonymous says:

      Димаш əлі жарқырайды,жалындайды тек,көреалмастық қызғаныштықтың кесірінен АЛЛА сақтағай! Ел ағасы Ғанидың сөзі өте орынды.

1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар