Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұбайына гитарамен ән арнаған Кенжебек көпшілікті сүйсінтті (видео)

Әйгілі “Музарт” тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов жұбайы Жәмиләға гитарамен ән арнады, деп хабарлайды Stan.kz.

кенжебек-200217

Кенжебек Жанәбілов деген кезде өнер сүйер қауымның көз алдына қолында сылдырмағы бар, бұйра шашты “Музарттың” әншісі елестейді. Сондықтан да болар, әншінің қолынан гитара көрген жұрт таңырқап қалды.

Кенжебек өзінің өмірлік серігі, жұбайы Жәмиләға арнап әнші Еркін Нұржановтың репертуарындағы әнді айтты. Тек ондағы Аягөздің есімін өз жұбайының атына алмастыра шырқады.

Тыңдармандар Кенжебекті өзге қырынан танығандарын айтып жатты.

“Жарайсыз Кенжеке”, “Жәмиләмен бақытты болып, балаларыңыздың қызығын бірге көріңіздер”, “Нағыз жігіт, әйел адамды еркелетіп, аялайтын азаматтар көп болсын, әйел адам сонымен бақытты да”, “Жәмилә, неткен бақытты әйелсіз, әне жігітіңіз серенада айтып отыр”, “Қандай керемет ән десеңші, жеңгеміз осындай әнге лайықты жан”, “Махаббаттарыңыз баянды болсын”, – дейді олар.

@zhami_us -ке осылай арнадым.😊🎼🎤🎹🎸Шабыт келді осылай.😄

Публикация от Кенжик (@kenzhebekmuzart)

Есте болса, “Аягөз” әнін Еркін бірінші әйеліне арнаған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

 Ғани Қасымов: Димаш бұдан былай қазақ әншісі емес

Димаш пандалармен кездескен әлемдегі бірінші елші атанды (фото, видео)

Шахизада өзіне былапыт сөз жазған қызға ел алдында кешірім сұратқызды (видео)

Сағызша созылған “Келін” телехикаясы қайтадан жалғасатын болды

Талқылау