Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас Астанадан мектеп ашқалы жатыр

Қайрат Нұртас журналист Ақсəуле Əлжанға Vlast.kz басылымына үшін берген сұхбатында қытай тілін қайдан үйренгендігін, не себепті саясаткер болудан бас тартқанын, анасының өз өмірінде қандай рөл ойнайтынын, Омск журналистерімен араздасуының себебін, әкесі көмектескен 500 адамның кім екенін айтып берді. Мұнымен қатар, алдағы жоспарларын бөлісіп, Астанадан талантты балаларға арналған мектеп ашқысы келетінін жеткізді.

14280486_1185506211509994_2090735328_n

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

“Ауылды аймақтарға жиі барамын. Ол жақтан бізден де мықты талантты әншілерді кездестіремін. Өкінішке орай, олар біз секілді қолдаушылары болмаған соң жерде қалып қойған. Міне, дәл осындай талантты жандарды бір мәдени ошақтың астына жинағым келеді. Осы күнге дейін еш жерде айтпаған едім.

Сіздергі алғаш рет сырымды ашып отырмын. Жуырда Астанада Қайрат Нұртас мектебі ашылмақ. Ол жерде балаларға арналған үйірмелер, ән жазу студиялары мен әндер туралы ақпараттар болады. Тіпті бейнебаян түсіруге арналған арнайы бөлме болады. Болашағынан үміт күттіретін жастарды шақырғым келеді. Бұл шамамен Тиматидің “Black star” жобасы секілді болмақ”, – дейді Қайрат Нұртас.

Күні кеше Қайрат Нұртас Қазақстанда тек қазақ тілінде сөйлегісі келетіндігін айтқан болатын. Мұнымен қатар, ол өзге тілде сөйлей тұра Қазақстанның нанын жеп жүрген жандардан ұялуды сұрады.

“Өзінің туған тілін білмейтін қазақ бауырларыма айтарым бар. Мұны маған дейін де құрметті “ағаларымыз” айтқан болатын. Туған тілдеріңізді білмей тұрып, Қазақстанда нандарыңызды тауып жүргендеріңіз ұят болар”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың бейнебаянына түскен жігіт Айсұлу Әзімбаеваға сезімін білдірді

Меруерт Түсіпбаева: Қайрат Нұртас киімін тегін берсе де кимеймін (видео)

Қайрат Нұртас пиджагын көрерменге сыйлады (видео)

Қайрат Нұртас: Назарбаевтан қолтаңба алғым келеді

Тыңдармандары Қайрат ерекше құттықтаған сұлу бойжеткеннің кім екенін біле алмай әлек (видео)

Талқылау