Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Арманым – Астанадағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде азан шақыру

“Феномен” әншіге айналған Қайрат Нұртас көп арманына қол жеткізген. Әншілік мансабында шығар биігіне шығып қойған Қайрат енді рухани жағынан өсуді армандайды.

кайрат нуртас 270517

Бұл туралы Қайрат Zhuldyz.tv арнасының “Сенбілік серуен” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Арман бітті деген сөз – тоқтады деген сөз. Арман бітпеу керек. Армандай беру керек, қиялдай беру керек. Алда арманым көп. Тек қана байлық, шоу-бизнесте емес. Мәселе отбасымда, өзімде. Бұл өмір деген алдамшы өмір. Арманым отбасымды иманға келтіріп, ата-анамды Меккеге апару. Сондай рухани, әдемі армандар. Қалған армандарымның біразы, Құдайға шүкір, орындалды.

Менің арманым – азан шақыру. 15 жыл тоқтамай азан шақырсаң жәннатқа кіресің дейді. Алла нәсіп етсін. Өзімнің арманым – Астананың “Әзірет Сұлтан” мешітінде таң намазын оқып, азан шақырғым келеді, соны қатты армандаймын”, – деп ағынан жарылды Қайрат Нұртас.

Жіберіп алмаңыз:

Қапшағайлық алаяқтар Қайрат Нұртастың өтпейтін концертіне билет сатып, халықты алдаған

Гүлзира Айдарбекова Қайраттың беделін түсіруді ойлағандарға ішіндегі бар мұңын ақтарды (видео)

Қайрат Нұртас інілері мен жақындарына бір-бір үйден алып берген

Қуандықтың аналарға арналған әні көптің көзіне жас келтірді (видео)

 

Талқылау