Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас әндерін түрік және ағылшын тілдеріне аудармақ

Қайрат Нұртас репертуарындағы әндерді өзі таңдайтынын айтты. Ол әндерін өзге тілдерге аударуды қолға алғысы келеді. Алайда Қайрат отбасын бір өзі асырап отырғандықтан, бұған мүмкіндігі болмай жүргенін тілге тиек етті.

18512799_1690704311234545_8694214186038722560_n

Бұл туралы Қайрат Zhuldyz.tv арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасына берген сүхбатында айтты.

«Менің әндерімді түрікшеге, ағылшыншаға аударсаң, керемет әндер шығар еді. Құдай қаласа, жақында қолға аламын осыны. Қазір қолға алайын десем, менде мүмкіншілік жоқ. Өйткені үйде жұмыс істейтін жалғыз өзім. Өтірік айтпай-ақ қояйын, қарамағымда 28-29 адам бар. Оның бәрінің тамағы, айлығы бар. Бәрі ойлайды тек қана өзіне алады деп. Бірақ қаншама туыстарым, бауырларым бар. Қара басымды ойлап, өзіме жинай берсем не болдым? Менде бұндай бақ, береке болмас еді. Сондықтан тәуба, бәрінің бағын менің басыма беріп қойған. Оларға қарауым керек. Соның арқасында шаршамай жүрген шығармын», – деді Қайрат.

Әншінің айтуынша, халық оның бір айда бірнеше ән шығаратынына әбден үйреніп қалған.

«Негізі өнер адамының жұмысы қиын. Шыңға шығып алып, онда тұру қиын. Қорқасың, қашан түсіп кетем екен, қалай халыққа ұнамай қалам ба деп уайымдайсың. Сондықтан саған күнделікті неше түрлі жаңалықтар келеді. Мен әбден халықты үйретіп алғанмын бір айда 4-5 ән шығарып. Бір айда 1 ән шықпай қалса, неге шықпай кеттің деп жатады. Ал бізде жылына бір ән жазатын өнер адамдары бар. Сонда да ұмытпайды. Бірақ енді ол да дұрыс шығар. Жұмыс тоқтамасын. Еңбек етсең, жемісін жейсің ғой. Анам: «Күнде бір жұмыс бітіруге тырыс балам, сол кезде сен өсесің, биік шыңға жетесің», – деп айтады», – деп ағынан жарылды әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Абақтыдағы Есентаевты 50 жасымен құттықтаған қарындасы жұрттың жүрегін елжіретті

Сүйіктісімен сүйісіп тұрғанын эфирден көрсеткен Айсәуле тағы да сынға ілікті

Болманов әлемде баламасы жоқ саябақ ашып жатқанын айтып мақтанды (видео)

Алмас Кішкенбаев өзін “масқаралаған” оқушының ата-анасына ескерту жасады

Талқылау