"Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатынан кейін ауруханадан шықты
Фото: Темірлан Анарбековтың Instagram парақшасынан
Алматының "Қайрат" футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин 14 қыркүйекте "Ақтөбеге" қарсы ойында ауыр жарақат алған қақпашы Темірлан Анарбековтің жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бапкердің айтуынша, Анарбеков ауруханадан шыққан, тіпті клубтың жаттығу базасына да келіп үлгерген.
“Анарбеков базаға келіп кетті. Қазір оның жақ сүйегінде арнайы бекіткіш бар, сол себепті аузын кең ашуға болмайды. Бірақ алдағы күндері ол шешіледі. Содан кейін жаттығуға кірісе алады. Ең бастысы – орнатылған титанды пластиналардың жақсы орнығып кетуі. Қазір реабилитация жақсы жүріп жатыр”, – деді Уразбахтин.
-
Жанкүйерлері балағат сөздер айтқаны үшін "Қайрат" пен "Ақтөбе" футбол клубтарына айыппұл салынды
-
"Қайрат" пен "Реал" матчына билеттер сатылымы бастала сала қолданбадан ақау шықты
Сонымен қатар бапкер командадағы тағы бір жарақат алған қақпашы Александр Заруцкийдің де бірнеше күннен кейін жаттығуға оралатынын айтты.
Қазір қақпаны Шерхан Қалмұрза қорғайды. Ал қосалқы құрамда академияның жас қақпашылары бар. Дегенмен "Қайрат" клубы жақын арада екі тәжірибелі қақпашы да қатарға қосылады деп сенеді және әзірге сырттан жаңа ойыншы алуды жоспарлап отырған жоқ.

"Құл-Мұхаммедтен Алагөзовке": Қоғам белсендісі Алматыдағы Тереңқұр аумағындағы қонақүй салынатынын айтып дабыл қақты
