"Қайрат" футбол клубының бас бапкері Александр Кержаков қызметінен кетті
Алматылық "Қайрат" футбол клубының бас бапкері Александр Кержаков қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қайраттың" ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: fckairat.com
“Қайрат” футбол клубын мамыр айынан бастап жаттықтырған ресейлік маман Александр Кержаков қызметінен кетті. Клубтың хабарлауынша, бас бапкермен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Кержаковпен бірге оның көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кетті. Александр Кержаков мамырдың соңында "Қайраттың" бас бапкері болып тағайындалған. Оның жетекшілігімен алматылық клуб 12 матч өткізіп, 6 рет жеңіске жетті, 3 рет тең түсіп, 3 рет ұтылған еді.
Айта кетейік, "Қайрат" ҚПЛ аясындағы соңғы ойында өз алаңында "Астанадан" 1:0 есебімен жеңілген еді. Қазір алматылық команда турнир кестесінде 32 ұпаймен көш бастап тұр.
Талқылау

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
Жанна кез келген адам жарына адал болу үшін өзінің диагнозын айтуға міндетті деп санайды

Таеквондодан бас бапкер жалған құжат жасап, жасөспірімдер жарысына қатысқан: Министрлік оны жауапқа тартпаған
Бапкер жарысқа 2001 жылы қатысқан