Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Боранбаевтың ісі апелляциялық сатыда қаралып жатыр

Қайрат Боранбаевтың ісін апелляциялық сатыда қайта қарау туралы келісім шарттары талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

фото:kazfootball.kz

Қазір іс жүргізу келісімінің шарттары талқылау сатысында.

"Қ. Боранбаев, Т. Жанұзақ және Р. Наханов Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының 2023 жылғы 31 наурыздағы үкімімен сотталған. Сот үкіміне сотталғандар мен олардың қорғаушыларынан апелляциялық шағым түсті. Апелляциялық саты шағымдардың дәлелін, сондай-ақ прокурор үкімнің күшін жою туралы өтінішхатты қарап, сот үкімінің күшін жойып, шағымды қарауға кірісті", - делінген қалалық соттан берілген жауапта.

Ресми жауапта айтылғандай, прокурор мен жәбірленушінің өкілі мәлімделген өтінішхатқа келісім берген.

"Істі қайта қарау басталғанға дейін Қ. Боранбаев және оның адвокаты, сондай-ақ басқа да сотталушылар мен олардың қорғаушылары іс жүргізу келісімін жасасу туралы өтінішхат жазды. Апелляциялық сатыдағы сот өтінішті қанағаттандырды, процеске қатысушыларға іс жүргізу келісімін жасасу үшін уақыт берілді", - деп мәлімдеді елорда соты.

Еске салайық бұған дейін  Қайрат Боранбаевқа шыққан сот үкімінің не себепті күші жойылғаны туралы жазған едік. 


 

Талқылау