Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Боранбаев: "Астана" командасы біздің басты қарсыласымыз болып қала береді

Қайрат Боранбаев“Қайрат” фк

"Қайрат" клубы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев "Қайрат" пен Астана арасындағы бәсекелестік және елордалық команданың деңгейі туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматылық клуб басшысының айтуынша, қандай жағдай болмасын биылғы маусымда да Астана "Қайраттың" басты қарсыласы болып қала береді.

"Астананың гегемониясы аяқталды ма? Жоқ. Ол әлі де біздің нөмірі бірінші қарсыласымыз болып қала береді. Қазақстандағы ең мықты клубтардың бірі. Онда не болып жатқанына қарамастан, иә, мен де жаңалықтарды оқимын. “Астана”  өз орнын тапқан команда. Бұл клуб осы маусымда да ойнап, алтын жүлде үшін таласады", – деді Қайрат Боранбаев белгілі блогер Артур Асқарұлына берген сұхбатында.

Айта кетейік, елордалық Астана клубы қаржылық қиындықтарға тап болып, бірқатар көшбасшы ойыншыларынан айырылды.


“Қайрат” клубының дәрігері әуежайда “бомба бар” деп әзілдегені үшін қамауға алынды


Жаңа маусым алдында командадан Камару Усман, Макс Эбонг және Назми Грипши секілді негізгі құрам футболшылары кетті.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 06 Наурыз, 2026 01:27