Қайрат Боранбаев: “Александр Заруцкий құрамадан кетеді деген ақпарат — жалған"
Фото:”Қайрат” фк
Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ беттерінде алматылық "Қайрат" командасының қақпашысы Александр Заруцкий клубтан кетеді деген хабар тарап кеткен еді.
Алайда "Қайрат" басшылығы бұл мәліметтің шындыққа сай еместігін айтып, ресми түсініктеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентггі хабарлайды.
Бұған дейін Telegram желісіндегі AmanVIBE арнасы Заруцкийдің клубпен жаңа келісімшартқа қол қоймайтынын жазған.
Осы ақпаратты кейін бірнеше спорттық басылымдар да жариялаған. Футболшы бұл қауесетке Instagram желісіндегі stories арқылы жауап берді:
"Кейбіреулер хайп үшін бәріне барады, тіпті өтірік ақпарат таратуға да. Хайп беделден жоғары тұрған кез…" — деп жазды ол.
Сондай-ақ, "Қайрат" футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев та бұл ақпараттың жалған екенін атап өтті. Ол Threads желісінде:
"Бұл шындыққа жанаспайды. Мұндайға сенбеңіздер. Александр командамен бірге Чемпиондар лигасына дайындық үстінде. Келісімшартты бұзу туралы әңгіме болған жоқ", — деп жазды Боранбаев.
Осылайша, әрі клуб өкілдері, сонымен қатар қақпашының өзі Заруцкийдің кетуі жөніндегі қауесетті жоққа шығарды
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?

