Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайыңды өзенінде суға жатып видеоға түскен қыз өзіне тіл тигізгендермен соттаспақшы

Қайынды өзенінің ортасында матраста жатып видеоға түскен қыз видежолдау жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Карина есімді қыз видео түсірілімнен соң танымал болып кеткен. Қыздың ролігіне ең алғашқылардың бірі болып баға берген натуралист Сәкен Ділдахмет болды. Жас қыз экологты сотқа бермек. 

"Facebook-қа енді кіріп эколог Сәкеннің экология министрлігіне жолдаған жолдауын оқыдым. Жазбасында ол Brazzers-тен адамдарды жіберу керектігін айтқан. Білмеппін, бұл порносайт екен. Осы арқылы ол менің абыройымды намысыма тиді: "Қайынды да қандай цирк ұйымдастырып жіберген?" деді. 

"Құрметті эколог Сәкен, енді бұл мәселені сотта шешеміз. Заманауи елдердегідей", - деді Карина.

STAN.KZ
Бейсенбі, 15 Сәуір, 2021 14:39
Талқылау