"Қайдан тауып келгенін білмеймін": Марқұм Нұрқанат Ғайыппаев оқиға болған күні Шерзаттың мылтық әкелгенін айтқан
видеодан скрин
Сотта Шерзаттың марқұм ағасы Нұрқанат Ғайыппаевтың тергеу кезіндегі видеосы көрсетілді. Онда ол оқиға кезінде Шерзаттың мылтық әкелгенін айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сотта көрсетілген видеода Нұрқанат Ғайыппаев оқиғадан кейін алған жарақаттарынан ауруханада жатқаны көрсетіледі.Ол тергеушілердің сұрақтарына жауап беріп жатады.
Мылтықты ма? Қай жерден алып келгенін білмеймін, Шерзат алып келді. Түсінген жоқпын. Племяннигім әкелді. Біреуі звандап, балаларын “стрелкаға” шақырады. Мен жарты сағаттан соң көлікпен келген болсам, Нұрболат және “гольфпен” тағы бір жігіт келді. Мен олармен сөйлестім. “Пьяный базар – не базар, ол болмайды, қалай болса да мас адам мастығын істейді ғой” деп сөйлестім. Мен бауырымды (Шерзатты) қайтарып жібергенмін ғой. Ол кетеді. Олар “ініңді шақыр, кешірім сұрай салсын, сонымен халас” деді Нұрболат. Чина, Мина деген біреулерді телефонмен шақырды. Жігітше ұрып жіберді. Болды дедім. Бірақ бір машина, екінші тағы бір машина келді, – дейді Нұрқанат Ғайыпбаев.
Еске салсақ, прокурор Шерзаттың мерт болған ағасы Нұрқанаттың жауаптарын оқыды.
Бұған дейін Шерзат Полаттың өліміне қатысты куәгер мылтықтың қайдан пайда болғанын айтқан еді.