Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайда баратынын айтпаған: Шымкентте 15 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті

Шымкентте 15 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті. Ата-анасының айтуынша, қыз 2 сәуір күні Шымкентке жақын маңдағы Сайрам ауылында үйден шығып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ҚазАқпарат-қа сілтеп хабарлайды.

Қайда баратынын айтпаған Шымкентте 15 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті

«Сол күні анасы ауырып қалып, Роза мектепке бармады. Түске дейін үйде болып, жұбайыма көмектесті. Түстен кейін үйден шығып кеткен, қайда баратынын айтпады. Кешке дейін келіп қалар деп күттік. Кештен бастап іздей бастадық. Туыстарымызбен бірге 4 күн бойы іздедік, таппаған соң полицияға хабарладық», – дейді жоғалып кеткен Роза Расулметованың әкесі.

Ата-анасы 6 сәуір күні полицияға шағым түсіргенімен, қыздан әлі күнге дейін хабар жоқ. Тәртіп сақшылары қыздың телефонын тапқан. Айтуларынша, бұл телефонды белгісіз қыз «Гарант» дүкені жанында бейтаныс еркекке сатып жіберген.

«Қызымыздың соңғы рет кіммен сөйлескенін анықтадық. Бірнеше номер шықты, оны Қаратау аудандық полициясына бердік. Бірақ полициядан әлі жауап жоқ. Қызымның белгілері: бойы 165 сантиметр, шашы қара әрі қысқа (үнемі жинап жүреді). Қасы-көзі қара, мінезі ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді», – дейді қыздың анасы Дилобар Иристаева.

Тағы оқыңыз: 

Мен өзім қалаған әйелге үйлендім: Бауыржан Момышұлы жайлы естелік

Бәрі жалған: Мәскеу университетінің 4-қабатынан құлап кеткен қыздың анасы халыққа үн қатты

Прокурорлар ЭКСПО-ның бұрынғы басшысы түрмеде VIP-камерада отыр дегенге қатысты жауап берді

Абай қаласында қызы бас тартқан ана үш күннен бері көшеде жатыр

Талқылау