Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қауіпті шаш үлгісі: Шаштараз «баланы қорлағаны» үшін түрмеге жабылды

Ұлыбританияның Лутон қаласында баланың шашын тақыр қырып алып тастап, артынша оны жинауға мәжбүрлеген шаштараз сегіз айға түрмеге жабылды.

Қауіпті шаш үлгісі: Шаштараз «баланы қорлағаны» үшін түрмеге жабылды

Бұл туралы Telegraph басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сот отырысында өз әрекетін түсіндірген Абдұлрахим Омар есімді шаштараз баланы шашқа арналған қауіпті ұстарамен ойнағаны үшін жазаламақшы болғанын айтты. Бұған өкпелеген жас клиент шаштаразда қауіпті ұстарамен ойнағанымен қоймай, полицияға барып Абдұлрахимнің үстінен шағымданған.

Тергеушінің пікірінше, бала осы уақытқа дейін мақтаныш еткен шаш үлгісінен айырылды, ал мұның бәрі оған «физикалық және психологиялық ауыр күйзеліс» әкелді.

Сотталушының қорғаушысы өз кезегінде,  айыпталушы «баланы әдейі қорлағанын» мойындайды және «болған жағдайға қатты өкінеді» деп атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Кемеровода сауда орталығындағы өрттен қаза тапқандардың барлығының тұлғасы анықталды

Балғамен ұрып, қышқыл төккен: 22 жастағы бойжеткен сүйіктісін 9 ай бойы құлдықта ұстап келген

Бір топ адам қыз зорлады деп күдіктелген 20 жастағы жігітті қолтырауынның аузына тастады

Әлем картасында жаңа мемлекет пайда болды

Талқылау