Әлем картасында жаңа мемлекет пайда болды

Африканың соңғы абсолюттік монархы, Свазиленд патшасы Мсвати III мемлекетін Эсватини патшалығы деп өзгертті. Жаңа атау свати тілінен аударғанда  «Свази жері» дегенді білдіреді.

Әлем картасында жаңа мемлекет пайда болды

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Патша өзінің шешімін Свази халқының тәуелсіздігінің 50-жылдығы және Мсвати III-тің 50-жылдығына орай өткен мерекелік салтанатта жариялады. Ол мемлекет атауын басқалар Швейцариямен шатастырмасын деп, өзгерткен екен.

«Қайда барсақ та, адамдар бізді Швейцария деп атайды (Свазиленд – Швейцария)»,-дейді Мсвати ІІІ.

Эсватини ОАР мен Мозамбик арасында Оңтүстік Африкада орналасқан. Патшалық 1968 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алып, жеке мемлекет болып бөлінді. Эсватинидің халқы шамамен 1,35 миллион адамды құрайды, бірақ бұл көрсеткіштің өзі нақты болмауы мүмкін. Елдегі ересектердің 26,1 пайызы  иммун тапшылығы вирусын жұқтырған.

Айта кетейік, 2013 жылы шетел басылымдарында Мсвати III-тің тағы да үйленгені хабарланған болатын. Оның 15-ші әйелі Синдисва Дламини сұлулық байқауының 18 жасар финалисті болды.

Оқи отырыңыз: 

Ауа толтырылған қамалмен бірге жел ұшырып әкеткен қыз әкесінің көз алдында қайтыс болды

40 жыл бұрын жоғалып кеткен азамат YouTube-те ән айтқан видеосы арқылы табылды (видео)

Жүк көлігімен тойға бара жатқан қонақтар жол апатына ұшырап, 21 адам мерт болды

Telegram секілді Facebook та бұғатталуы мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар