Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40 жыл бұрын жоғалып кеткен азамат YouTube-те ән айтқан видеосы арқылы табылды (видео)

Деректі фильм түсірумен айналысатын үнді фотографы Фироз Шакир бірде Мумбайдағы кедей аудандардың бірінде тұратын Гамбхир Сингх есімді қарт адамды жолықтырған. Содан Гамбхир атты қартпен достасып кеткен Фироз  оның ән салған сәтін видеоға түсіп, желіге жариялаған.

Желіде жарияланған 65 жастағы қарттың ән салған видеосын оны 40 жыл бойы іздеген отбасы көрген

Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Мен Сингхке тамақ алып, ақша бердім. Кейін оны тағы да видеоға түсіруді шештім. Содан кейін Сингхпен жұмыс істеген ұнап қалды»,-дейді Фироз Шакир.

Белгілі болғандай, Сингх  әкесі қайтыс болғаннан кейін әскерге кеткен екен. Кейін әскердегі қызметі аяқталысымен Манипурға үйіне қайтып оралған. Сонда Сингхпен бауырларының арасында түсініспеушілік орын алып, ол кенеттен із-түссіз жоғалып кеткен. Ұзақ жылдар бойы оның туыстары бауырларының тағдыры туралы ешқандай хабар ала алмаған.

Желіде жарияланған 65 жастағы қарттың ән салған видеосын оны 40 жыл бойы іздеген бауырлары көрген

Араға ұзақ жыл салып Гамбхирдің туыстары қартайған бауырының ән салып жүрген видеосын көріп қалып, таң қалған. Олар бірден Мумбайдағы полиция бөлімшесіне хабарласып, видеодағы адамды табуға көмектесулерін өтінген.

«Желіде жарияланған видеоны көргенде, көз жасымды тыя алмадым. Тіпті, ішіп-жеп, ұйықтаудан қалдым. Оның аман-есен тірі жүргенін көру үлкен бақыт. Бұл өзі бір қорқынышты түстен оянғандай әсер болды»,-дейді Гамбхирдің кіші інісі Кулачандра.

Желіде жарияланған 65 жастағы қарттың ән салған видеосын оны 40 жыл бойы іздеген бауырлары көрген

Сөйтіп 65 жастағы сарбаз үйіне қайта оралды. Дегенмен, 40 жылдан кейін отбасына оралған қарттың  ішімдікке әуестігі болған. Бірақ, бұл жағдай ұзақ жылдар бойы жүздеспеген отбасының қуанышына кедергі болмады. Олар алдарынан шыққан барлық қиындықпен бірге күресуге ниетті.

Видео © youtube

Оқи отырыңыз: 

Жүк көлігімен тойға бара жатқан қонақтар жол апатына ұшырап, 21 адам мерт болды

Telegram секілді Facebook та бұғатталуы мүмкін

Лотереядан екі рет ұтыс ұтқан азамат сәттілігінің себебін түсіндірді

Ұшақта тұрып тұратын орындар пайда болады

Талқылау