Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Telegram секілді Facebook та бұғатталуы мүмкін

Ресей Telegram-ды бұғаттап, енді Facebook-ке кіріскен сияқты. Роскомнадзор 2018 жылдың соңына дейін Facebook-ті тексеріп, егер компания өз жұмысын билік талабына сай реттемесе әлеуметтік желіні бұғаттайтынын хабарлаған.

Telegram секілді Facebook та бұғатталуы мүмкін

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Атап айтқанда ақпараттық технология және коммуникация саласын бақылау қызметі ресейлік азаматтардың мәліметтер базасын Ресей аумағында орналастыруды және тыйым салынған ақпараттарды жоюды талап етіп отыр.

Ресейде 16 сәуірден бастап сот шешімімен Telegram мессенджері және онымен байланысты Amazon мен Google компанияларының IP адрестері бұғаттала бастаған. Соның кесірінен жүздеген онлайн сервистер, атап айтқанда интернет дүкендер, курьерлік қызметтер, Viber мессенджері мен ресейлік «Одноклассники» әлеуметтік желісі де зардап шекті.

Оқи отырыңыз: 

Лотереядан екі рет ұтыс ұтқан азамат сәттілігінің себебін түсіндірді

Ұшақта тұрып тұратын орындар пайда болады

Жердің жанынан қаланы жойып жіберетін күші бар үлкен астероид ұшып өтті

Голливуд сүйіктісіне айналған 53 жастағы миллиардер ауырғанды басатын дәрілерді ішіп қайтыс болды

Талқылау