Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голливуд сүйіктісіне айналған 53 жастағы миллиардер ауырғанды басатын дәрілерді ішіп қайтыс болды

Есірткіге тәуелді болған американдық миллиардер Мэттью Меллон нашақорлықпен күресу үшін жатқан клиникасында көз жұмды. Голлувуд сүйіктісіне айналған Мэтью мен оның туыстары соңғы уақытқа дейін ол нашақорлыққа қарсы күресте жеңіске жетеді деп сенді.

Голливуд сүйіктісі болған 53 жастағы миллиардер ауыруды басатын дәрілерді ішіп қайтыс болды

Бұл туралы Mirror хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Атақты плейбой-миллионер Мэттью Меллон Мексиканың Канкун қаласындағы оңалту орталығында 54 жасында қайтыс болды. Ол ұзақ уақыт бойы ауырсынуды басатын оксиконтин препаратын қолданған. Бірақ кейін ол бұл дәріге тәуелді болып қалған.

Голливуд сүйіктісі болған 53 жастағы миллиардер ауыруды басатын дәрілерді ішіп қайтыс болды

Ол тіпті дәрілік препаратты сатып алу үшін айына 100 мың доллар қаражат жұмсап, күніне 80 таблетка қабылдап отырған. Оның жұбайы, Jimmy Choo-дың бұрынғы шығармашылық директоры Тамара Меллонның айтуынша Мэттью 2016 жылы Малибу клиникасына барып емделуге шешім қабылдаған. Ол онда қанша уақыт қажет болса да, емделуге дайын екенін айтқан. Бірақ оның сауығып кету жолындағы әрекеті сәтсіз болды.

Голливуд сүйіктісі болған 53 жастағы миллиардер ауыруды басатын дәрілерді ішіп қайтыс болды

Оның өлімі туыстары үшін ғана емес, сонымен бірге Голлувудтағы жақын достары үшін де кенеттен болды. Playboy жұлдызы Мэттью Меллон Елизабет Хёрли, британдық гитарист Ник Роджерс және атақты Мик Джаггердің қызы – Джейдпен жақын дос болған.

Голливуд сүйіктісі болған 53 жастағы миллиардер ауыруды басатын дәрілерді ішіп қайтыс болды

Тағы да оқыңыз:

Жасөсіпірім сабақ үстінде мектептегілерге пышақпен шабуылдап, сыныпты өртеп жіберген (видео)

Амстердамда өзіне қол жұмсайтындарға арналған үйшік жасалды

Қылмыскерлер кек алу үшін көпбалалы ананы балаларының көзінше атып тастады (видео)

Полицейлер есірткі саудалаушыларды WhatsApp-тағы суреттен саусақ іздерін анықтау арқылы ұстады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр