AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қауіпті қажылық: Эпидемиологтар Меккеге баратын қазақстандықтарға ескерту жасады

Санитар эпидемиологтар қажылыққа барған қазақстандықтардың менингококк инфекциясын жұқтыруы мүмкін екенін айтып, қауіптенеді. Мамандар 2000-шы жылдардың басында елде бұл дерттің белең алған кезеңі болғанын айтады. Биылғы жылы мұсылмандар үш жылдан кейін алғаш рет Меккеге барайын деп отыр. Пандемия шектеулеріне байланысты уақытша тоқтап қалған қажылыққа барушылар нені ескеруі керек? Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

кажылык мекке

Қазақстандық эпидемиологтар қажылыққа баратын азаматтарымыз өздерімен бірге менингококк инфекциясын алып келуі мүмкін деп, сескенеді. Биылғы жылдың өзінде 11 жағдай анықталып үлгерген. Науқастар әртүрлі қалаларда тіркелген. Карантин кезінде қажылық уақытша тоқтатылды. Ал биыл мыңдаған қазақстандық Меккеге қайта барады.

"Дәрігерлер клиникалық симптомдардың басталуынан өлімге дейін бірнеше сағат, үш сағаттан бес сағатқа дейін тіркелген жағдайлар туралы айтты", - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева.

Санитарлық эпидемиологтар қажылықтан келе жатқанда сақ болуды, екі апта бойы мерекелік дастархан ұйымдастырмауды сұрайды. Менингококк ауруы – ауа тамшылары арқылы таралатын әрі тез жұғатын жұқпалы ауру. Ауру кейбір жағдайларда өлімге алып келеді немесе денсаулыққа ауыр зардап келтіреді. Сонымен бірге, олар Мұсылмандар діни басқармасында елге кірер кезде қажыларға, оның ішінде менингококк инфекциясына қарсы екпе алуды сұрайды дейді.



"Биыл олар менингитке қарсы екпе алуды ұсынады, біз де өз кезегімізде қажылардан менингитке қарсы екпе алуды талап етеміз. Сауд Арабиясының ішінде маска режимі әлі де бар, азаматтар әуежайларда, мешіттерде, қасиетті жерлерде бетперде тағуы тиіс", - деп түсіндіреді ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар.

Бұл ретте екпе ақылы, Қазақстанда жеке клиникаларда салынады. Вакцинаның құны шамамен 30 мың теңгені құрайды. Ол инфекциядан және аурудың ауыр салдарынан қорғайды. 

"Құны 5 800-6 500 доллар. Оның ішіне әуе рейсі, Алматыдан, Астанадан тікелей чартерлік рейс, бес сағаттық рейс кіреді", - дейді туристік агенттік менеджері Ботагөз  Сембекова.

Биылғы қажылық 7 шілдеде басталады, бірақ қазақстандықтар мінген алғашқы рейс осы айдың соңында Сауд Арабиясына аттанады. Қасиетті сапарға бару үшін келіп түскен өтініштер әлдеқайда көп болған. Нақты айтсақ, 4 мың қазақстандық қажылыққа барады. Бір айта кетерлігі, 65 жасқа толмаған адамдар ғана саяхаттай алады.

Талқылау
Пікір
Жанар
15 Мау, 22 жыл - 02:19
Жанар
15 Мау, 22 жыл - 02:19
Жанар
15 Мау, 22 жыл - 02:19
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр