Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қауіпті гинекологиялық ауруларды алдын алудың жолы қандай

Әйелдердің денсаулығындағы ақаулар олардың өмір салты мен ойлау түйсіктеріне байланысты. Әйел адам қанша емделу курстарынан өтсе де, оң нәтиже көрмейді. Сонымен әйел адамдар емделу кезінде қандай қателіктерге ұрынады? Әйелдердің жыныс мүшелерінің жұмысы неден бұзылады және оны қалай болдырмауға болады?

Қауіпті гинекологиялық ауруларды алдын алудың жолы қандай

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы тақырыпта «Спиженко киберо-клиника» медициналық орталығы, гинекология бөлімшесінің гинекологы Лина Гирагосова мен Киев қалалық халықты қорғау орталығының психолог-дәрігері Лина Евдокимова баяндады.

Әйелдің қан айналымына жыныстық қатынас, спорт және музыка қажет. Егер жыныстық қанайналымның созылмалы жетіспеушілігі және веноздық қан кетсе, жыныстық органдар толығымен жұмыс істей алмайды. Ақыр соңында, жасушаларға қоректік заттар мен оттегі түспегендіктен ағза қартая бастайды. Олар ағзадағы метаболизм және токсиндер дұрыс шықпағаннан бұзылады. Қан дұрыс айналымға түспегендіктен, әйел ағзасында ауру тудыратын микроағзалар ояна бастайды. Нәтижесінде аднекситтің немесе эндометриоздың қайта пайда болуына әсер етеді. Жыныс мүшесінде қан айналымды қалыпқа келтіру үшін спортпен шұғылдану керек. Бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі, әйелдер спортзалға аптасына бірнеше рет қана барады.

Әйел адамның қан айналымын реттеуге жыныстық қатынас көмектеседі. Жоқ дегенде аптасына төрт рет жыныстық қатынасқа түскен абзал.

Сондай-ақ, таңертең 20-30 минут жүгіріп, қан айналымына қажетті жаттығулар жасау қажет. Тіпті, ас бөлмеде тамақ жасау кезінде билеп, үнемі қозғалыста жүрген дұрыс. Оның өзі белсенді болу керек. Әйел үнемі ашуланып жүрсе, ағзадағы қорғаушы күштердің белсенділігі төмендейді. Соның салдарынан, жатыр миомасы, киста секілді қауіпті ісіктер пайда болады. Ашу, күйзеліс кезінде әйелдердің ағзасындағы жасушалар қорғаныш қызметін атқара алмай қалады. Сондықтан, күйеуіңмен болған ұрыс-керісте күйзеліске салынбаған жөн.

Бұдан басқа балалар анасының сөзіне құлақ аспай, ашулануына себеп болады. Осындай отбасылық қиындықтың салдарынан әйел ағзасында ауруға төтеп беретін жігер қалмайды. Бірақ, аурулардың алдын алу үшін әйелдер денсаулығы үшін күресу қажет. Мысалы: орындыққа отырып, екі қолыңызды тізеңізге қойыңыз. Көзіңізді жұмып, теңіздің жағасында отырмын деп елестетіңіз. Енді теңізден өзіңізді мазалаған ойларды алып шығыңыз. «Қоқыс» судың бетіне жақындағанда, мазалаған ойлар қарсылық білдіре бастайды. Ақыр соңында күшті дауыл пайда болуы керек. Көтерілген толқынның арасынан биікке көтеріліп келе жатқан құсты көресіз. Құстар биікке көтерілген сайын, өзіңізді мазалаған қиындықтарды солармен бірге жіберуіңіз керек. Енді жан-жағыңызға қарап, қолыңызды бір қағып жіберіңіз. Психолог-дәрігерлердің берген осы нұсқаулықтарын орындауға тырысыңыз.

 

Талқылау