Қауіпсіздік иллюзиясы: Атыстан аман қалған оқушылар арнайы сөмкемен жүруге мәжбүр болды (фото)
Флорида штаты Паркленд қаласындағы мектепте 17 адамның өмірін жалмаған атыстан кейін оқушылар көктемгі демалыстан оралды. Бірақ олар жаңа қауіпсіздік шараларына бағынуға мәжбүр болды. Атап айтқанда, оқушыларға ашық сөмкемен жүру талап етілді.
Мектеп әкімшілігі бұл шараның оқушылардың қауіпсіздігі үшін жасалғанын алға тартты. Бірақ мектеп оқушылары осыдан кейін басшылықты жек көріп, оларға қарсы тұрған. Бұл туралы bigpicture.ru хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттың агентігі.
Оқушылар бұл жүйені адамның жеке өміріне араласу деп таныды. Сондай-ақ олар енгізген қауіпсіздік жүйесі мәселені мүлде шешпейді дейді. Ал үнемі тексеру мен іздестіру жүргізілген кезде балалар өздерін түрмедегідей сезінеміз деп отыр.
Бұдан басқа, қыздар жеке гигиенаға арналған заттарын көпшілікке көрсеткісі келмейді. Жаңа жүйені қолдамаған оқушылар елдегі атыс жағдайына қарсы наразылық білдірді. Олар өздерінің жаңа сөмкелерін қыздардың гигиеналық заттарымен толтырып, сондай-ақ оған наразылық білдірген қағаздарын салып мектеп дәлізінде мақтанышпен жүрген.
«Менің жаңа сөмкемнен бәрі көрінеді. Енді мен өзімді қауіпсіз сезінемін. Мен бұл тәртіпті енгізгендердің жұмысын бағалаймын. Бірақ мектепті түрмеге айналдырмай, елдегі нақты мәлелелерге де баса назар аудару керек»,- дейді мектеп оқушыларының бірі.
«Бұл сөмкеде ақшадан басқа, саясаткерлерді алаңдататын барлық зат бар. Ашық сөмке ұстау нағыз ақымақтық»- деген сөздер жазған оқушылар.
Ал, кейбіреулері сөмкелеріне су толтырып келіп, жаңа жүйені күлкіге айналдырған.
Дегенмен оқушылардың бәрі бұл наразылық нысанымен келіспейді. Мысалы, 16 жасар Рейчел Пэднис жаңа қауіпсіздік шараларына қарсылық білдіретіндей ештеңе жоқ дейді.
«Егер бұл кем дегенде бір оқушының өмірін сақтап қалса, мен мұндай құрбандыққа дайынмын. Бірақ менің жеке өмірімнің бір бөлігіне шектеу қойылғандай сезімде болдым. Дегенмен, басшылық енгізген жаңа заң мектеп дәліздерінде күлкіге себеп болды. Ал бізге осындай қылжың, күлкілер жетіспей жүрген еді»,- дейді жасөспірім.
Алайда, оқушы егер біреу мектепке қару алып келгісі келсе, оны міндетті түрде жасайды деген пікірде.
«Көптеген оқушылар қаптамалар немесе сөмкелер сияқты тексермейтін ланч-қораптарды қолданады. Меніңше, металл детекторлар немесе басқа да құрылғыларды қолдану тиімдірек болады. Бірақ бұл жағдайда 3200 оқушы білім алатын мектепте көп сағаттық кезек түзіледі»,-дейді қыз.
Оқи отырыңыз:
Дарға асылған азаматтың кінәсіз екені жарты ғасырдан кейін дәлелденді
Финляндияда алғаш рет ер адам дүниеге сәби әкелді
Бойжеткен анасының жүрегі ұстап қалған соң, 140 келіден арықтаған
Әйел 4 жыл бойы күйеуі мен қызын жасырын суретке түсіріп, жұлдызға айналды