"Қауіпсіз әрі күйзелісті азайтады": ЭКО-дағы жаңа технологияның көмегімен тұңғыш бала дүниеге келді
Әйелдер денсаулығына және экстракорпоралды ұрықтандыруға (ЭКҰ) мамандандырылған Gameto биотехнологиялық компаниясы Fertilo технологиясының көмегімен тұңғыш бала дүниеге келгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Наука” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Depositphotos.com
Fertilo технологиясы гормондарды пайдалануды азайтып, ЭКҰ процесін жеңілдету арқылы бедеулікті емдеу тәсілін өзгертуі мүмкін.
Әдетте, әйелдер аналық жасушаның пісіп-жетілуі үшін екі апталық гормонды ынталандыру курсынан өтуі керек. Ал жаңа әдіс зертханада ұрық жасушасы жетілуінің табиғи процесін қайта құру үшін жас аналық без жасушаларын пайдаланады. Сондай-ақ классикалық ЭКО-дағы процедуралардың шамамен 80%-ын алмастырады.
Бұл емдеу ұзақтығын үш күнге дейін қысқартады. Аналық бездің гиперстимуляциясы синдромы сияқты гормондардың жоғары дозаларынан туындаған жанама әсері мен қауіп-қатерді азайтады.
“Бұл тәсіл науқастар үшін процесті қауіпсіз етіп, күйзелісті азайтады. Ол дәстүрлі ЭКО-мен бірдей нәтиже береді. Бірақ асқыну қаупі айтарлықтай төмен болады", – деді зертхана директоры және зерттеудің бас жетекшісі доктор Луис Гузман.
Жаңа әдіспен дүниеге келген баланың анасы бұл процедура стандартты тәсілдерге қарағанда ауырсынусыз және эмоциялық түрде жеңіл өткенін айтты.
Технология репродуктивті медицинаға жаңа серпіліс алып келді. Зерттеушілер бұл әдісті бедеулікке шалдыққандар үшін қолжетімді әрі қауіпсіз шешім деп санайды. Fertilo технологиясын бірнеше елдерде қолдануға рұқсат етілген.