Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатты аяз бен боран: Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды

23 қаңтарда Қазақстанда қатты аяз болады деп күтілуде. Қазгидромет синоптиктері ауа температурасының төмендеуіне, боран мен тұманға байланысты алты облыста дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

23-24 қаңтарда түнде Ақмола облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 38 градус аяз болады. Көкшетауда 23-24 қаңтарда түнде ауа температурасы 32-34 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

23 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Атырауда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

23 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 23 метр болады. Қызылордада 23 қаңтарда күндіз боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.

23-24 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді, 24 қаңтарда түнде кей жерлерде 40 градусқа дейін қатты аяз болады. Петропавлда 23 қаңтарда түнде ауа температурасы 32-34 градусқа дейін төмендейді, 24 қаңтарда түнде қатты аяз 37-39 градус болады.

Талқылау