Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қателіктер мен қасиеттер. Маманның кәсіпкер болуға қатысты кеңестері

Кәсіпкер болуды армандамайтын адам кемде кем шығар. Дегенмен істі неден, қалай бастау керегін білетіндер көп емес. Осы орайда сарапшы маманның кеңестерімен бөлісуді жөн көрдік. Бүгінгі сарапшымыз – KMF МҚҰ Аймақтық директоры Азамат Рахымбекұлы.

Кәсіпкер болу үшін адамда қандай қасиет болуы тиіс?

KMF микроқаржы ұйымында жұмыс істегеніме 15 жылдан асты, осы уақыттың ішінде 10 мыңнан аса кәсіпкерге микрокредит рәсімдедім. Тәжірибемде түрлі кәсіпкерді кездестірдім, бизнестерінің қалай дамып, қалай құлдырағанына да куә болдым. Жалпы, кәсіппен айналасу - екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Кәсіппен айналысу үшін ең алдымен адамның бойында ынта болуы керек деп есептеймін. Сонымен қатар өзіне есеп бере алу, қаржылық сауатының жоғары болуы, жоспар құрып, мақсат қойып, соған жетуге барын салу, қиындықтарға қарамастан, мақсатына жетпейінше ештеңеден тайынбайтын адам болу аса маңызды. 

Кәсіпті бастауға не керек?

Соңғы кездері елімізде және жалпы әлемде болып жатқан жайттарға байланысты кәсіпкер де өз заманына сай көзқарасын да өзгерте алуы тиіс. Неліктен? Себебі оған күнделікті болып жатқан тәжірибе дәлел. Алдымен пандемия, одан кейін "Қаралы қаңтар", Украина мен Ресей арасындағы соғыс, осының барлығына қарамастан біздің көп клиентіміз жүргізіп жатқан кәсібінің түрін өзгертіп, жылдам шешім қабылдауда. Бұл шешімдердің нәтижесі де оң, жемісі де мол. Ондай адамдар біздің клиентеріміздің арасында өте көп деп айта аламын.

Жалпы, кәсіпкерлікті бастау үшін ең алдымен жоспар, қаржы саласының тілімен айтқанда бизнес план керек. Қолға алғалы отырған кәсіптің саласында тәжірибенің болуы да аса маңызды. Себебі білімсіз, біліксіз, тәжірибесіз, әрі ол кәсіп туралы ешқандай көзқарас болмаса істің алға басуы қиын.

Кәсіптің табысты болуының сыры неде?

Кәсіптің табысты болуының сыры - қайтпас қайсарлықта, есеп жүргізе білуде және артық шығындарды азайту немесе мүлде болдырмауда.

Іс жүргізіп отырған адам кәсіптен түскен табысты дұрыс пайдалана білуі тиіс. Қолдағы есепке сәйкес, қаржыны уақытында кәсіптің айналымына салу, жанұялық бюджеттің шеңберін білу және шамадан тыс несие, қарыз алмау керек.

Кәсіпкерлікте сәтсіздікке ұшырататын қателіктер қандай?

Кәсіпкерлік саласында сәттілік пен қатар сәтсіздіктер де кездесіп жатады. Көп жағдайда қарызды қарызбен жабу немесе несиені несиемен жабу сәтсіздікке апарады. Тағы бір жиі кездесетін жайт – кәсібінің шамасына қарамастан, табысы жетпесе де көп несие немесе қарыз алу. Сондай-ақ, несие рәсімдеп алған ақшасын кәсіпке емес, тұтұнушылық мақсатқа қолданып қойған кәсіпкерлер сәтсіздікке ұшырайды. Тіпті туған-туыстары, жора-жолдастары үшін өз аттарына несие рәсімдеп, кәсіптерінде қиындық туып жататындар да кездеседі.

Кәсіпкерлерге көмек болатын тегін сабақтар бар ма?

Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, әсіресе шағын және орта бизнесті дамыту еліміздің экономикасы үшін аса қажет. Ауыл шаруашылығын, тек қаладағы емес ауылдық жердегі кәсіпкерлерді де қаржыландырудың маңызы туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та былтырғы Жолдауында атап өткен болатын. 

"...Бүгінгі таңда бөлінген қаржы әлі бармай жатқан салалар бар. Екінші деңгейдегі банктер шағын жобаларға, әсіресе ауылға арнап ақша салмайды.

Сондықтан, микроқаржы ұйымдарының әлеуетін іске қосу керек. Олар жергілікті жерде жұмыс істейді. Өзінің тұтынушыларын, олардың бизнесі мен мүмкіндіктерін жақсы біледі", – деді Президент.

Осы орайда KMF микроқаржы ұйымы кәсіпкерлерге бизнесін ұлғайтуға, сауда нүктелерін арттыруға, ауыл шаруашылығы кәсібіне техника алуға, мал басын көбейтуге, яғни тұтынушылық қана емес, агро мен бизнеске де түрлі микрокредит өнімдерін ұсынады.

Сонымен қатар, клиенттеріне қаржы сауаттылығы курстарын тегін өткізеді. Курс 11 сабақтан тұрады. Олардың ішінде мынадай тақырыптар қамтылған:

  1. Үй бюджеті және отбасындағы қаржылық жоспарлау
  1. Отбасымның қаржылық есебі
  1. Жақсы кредитті қалай таңдауыма болады?
  1. Кредит: қиындықтардан қалай құтылуға болады?
  1. Отбасылық қаржыны күтпеген жағдайлардан қалай қорғауға болады
  1. Келісімшартқа қол қоймай тұрып нені білу керек?
  1. Қарыз алушы ретіндегі құқықтарым мен міндеттерім
  1. "Қолма-қол ақшадан" "Қолма-қол ақшасыз" есеп айырысуға дейін
  1. Қор жинаудың түрлі тәсілдерінің "оң" және "теріс" жақтары
  1. Сақтандыру: ол маған керек пе?
  1. Кредитті өтеу тәсілдері

Сабақтарымыздың тақырыбы айтып тұрғандай, біз клиенттеріміздің кәсібіне байланысты ғана емес, тұрмыс жағдайына да көмектесетін сабақтарды өткізіп тұрамыз. Жалпы бұл сабақтарды өту үшін клиенттеріміз өз несие сарапшаларымен хабарласып, жазылып қояды және біздің әр бөлімше кеңсесінде бұл сабақтардың видео роликтері қосылып тұр. Сабақтарды мына сілтеме арқылы көруге болады.

Айта кетейік, KMF – Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Нарыққа осыдан 25 жыл бұрын келген компанияның микрокредит өнімдері туралы толығырақ kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 байланыс орталығынан білуге болады.

Еске салайық, бұған дейін кредиттерді біріктіріп, пайызын төмендетіп, төлемақыны азайтуға болатыны туралы маманның кеңесін жариялаған болатынбыз. 

Сондай-ақ, банк кредит беруден бас тартса шұғыл қажет ақшаны қайдан алуға болады деген сұраққа жауап бердік.

Сонымен қатар, KMF-тің көмегімен бірнеше жылда сауыншыдан кәсіпкерге айналған ананың оқиғасы мен үш кәсіпкер әйелдің бизнес жолындағы тәжірибесін жариялаған болатынбыз.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы

Талқылау