Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қателесіп, көзі шығып кеткен шығар": Абыз Құнанбайдың кемшілігін айтты

Абыз Құнанбайдың кемшілігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі New Old Qazaqtar бағдарламасына сілтеме жасап.

Атақты тәңірші Тоқтар Абыздың бір әйел алу туралы ойына имам сұрақ қойған болатын. Имам Бақытжан Құралбай тәңіршіден сонда бірнеше әйел алған Құнанбайдың әрекеті дұрыс емес пе деп сұраған.

"Құнанбайда қателік кеткен ғой сонда? Құнанбайдың маған надандығын айтпа дейсіз. Абай тоқалдан туды. Қазақтың екі қатын алғандардың кесірінен біз осылай отырмыз дедіңіз бе?" - дейді имам Бақытжан Құралбайұлы.

Тоқтар Абыз Құнанбай мен Абайды ғана емес, бірнеше әйел алған ата-бабамыздың барлығын кінәлап, егер олар бір ғана әйел алса, бүгінгідей тексіз, шежіресіз болмас едік деп ашынды. Тәңіршінің пікірінше бір әйел ғана алып, сол әйелмен бітіруің керек.

"Бірақ рет әйел алу керек. Екі рет алмайсың. Неге десең, бір әйелменен бәрін бітіруің керек. Кеткен қателік. Құнанбай қателеспейді деп, қателесіп, көзі шығып кеткен шығар мүмкін. Неменеге Абайды айта бересің. Абайдан басқа мыңдаған қазақ екі қатын алған. Сондықтан бүгін ит болып отырмыз. Солардың кесірінен, тектіліктің жоғалғанынан", - дейді Тоқтар Абыз. 

Талқылау