Катардағы Жаңа жыл кешінде қақтығыс салдарынан ондаған адам зардап шекті
Катардың астанасы Дохада Жаңа жылды тойлау кезінде болған қақтығыс салдарынан ондаған адам зардап шекті. Жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы әзірге белгісіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Синьхуа басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Saleh Salem / Reuters
Синьхуа агенттігінің мәліметіне сенсек, төбелес Люсеил бульвары маңындағы метро станциясында болған. Бұл демалыс және серуендеуге арналған танымал орын. Мұнда соңғы екі жылдан бері жаңа жылдық мерекелер өткізіледі.
Метро станциясына жедел жәрдем келіп, зардап шеккендерге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Доха билігі бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Төбелес салдарынан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғы туралы ақпарат әлі түскен жоқ. Метро ішіндегі дәретханада зардап шеккендердің де бар екені атап өтілді. Бір жүкті әйел төбелес кезінде қорқыныштан ауырып қалғанын айтты.
Полицейлер метро маңындағы дауыс зорайтқыштар арқылы ескертіп, адамдардан күте тұруды және кейінірек келуді сұрағанымен, әлі де метроны қоршап тұрғандар көп.
Еске салайық, бұған дейін танымал айтыскер ақын жаңа жылда отшашу атып, ысырап ететін адамдарға ескерту жасады. Ол отшашудан қаншама адамның күйгенін атап өтті.