Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатар билігі Таяу Шығыстағы соғыс мұнай бағасының баррельіне 150 долларға дейін өсуіне әкелетінін ескертті

Фото: depositphotos.com

Қатар билігі АҚШ пен Израиль Иранға қарсы соғысты тоқтатпаса жақын арада Парсы шығанағындағы барлық энергетикалық ресурс өндірушілері экспортты тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы QatarEnergy ұлттық компаниясының бас директоры әрі Қатар энергетика министрі Саад әл-Кааби Financial Times басылымына берген сұхбатында айтты.

"Егер жағдай өзгермесе, әлі де форс-мажор жарияламаған барлық компаниялар алдағы бірнеше күн ішінде форс-мажор жариялайды. Парсы шығанағы аймағындағы барлық экспорттаушылар форс-мажор жариялауға мәжбүр болады. Бұл соғыс бірнеше аптаға созылса, әлемдегі ЖІӨ өсіміне әсер етеді", – деді министр. 

Таяу Шығыстағы қақтығыс теңге мен мұнай бағасына қалай әсер етеді: Жұманғарин жауап берді

Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді


Министрдің айтуынша, егер мұнай танкерлері әлемдік мұнай экспортының ең маңызды жолы Ормуз бұғазынан өте алмаса, бұкіл әлемде екі–үш апта ішінде мұнай бағасы баррельіне 150 долларға дейін көтерілуі мүмкін.

Сонымен қатар қатарлық министр егер соғыс дәл қазір аяқталса да, Қатарға мұнай өндірудің қалыпты цикліне оралу үшін бірнеше аптадан бірнеше айға дейін уақыт қажет болатынын айтты.

Еске салсақ, бұған дейін мұнай бағасы кейінгі 1,5 жылдағы ең жоғары деңгейге жеткені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 06 Наурыз, 2026 21:22