Мұнай бағасы кейінгі 1,5 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті
Фото: Freepik.com
Brent crude oil маркалы мұнайдың мамыр айындағы жеткізіліміне арналған фьючерстердің бағасы Лондондағы Intercontinental Exchange биржасында 2024 жылғы 12 шілдеден бері алғаш рет барреліне 89 доллардан асты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түнде Brent бағасы 5,85% өсіп, барреліне 89 долларға жетті.
Сонымен қатар West Texas International (WTI) маркалы мұнай да қымбаттады. 2026 жылғы сәуірде жеткізілетін фьючерстер 8,84% өсіп, барреліне 81,26 долларға дейін көтерілді.
Таяу Шығыстағы қақтығыс теңге мен мұнай бағасына қалай әсер етеді: Жұманғарин жауап берді
Парсы шығанағында танкерлер жиналды: Мұнай бағасы өсіп жатыр
Айта кетейік, бұған дейін әлемдік қор нарығы Таяу Шығыстан энергия тасымалындағы кедергілерге байланысты құлдырағаны хабарланған еді. Сейсенбіде мұнай бағасы шамамен 8%-ға өсті, баррельге 83 доллардан асты. Бұл 2024 жылдың шілдесінен бергі ең жоғары деңгей. Жұма күннен бері өсім 15%-дан асты, ал Еуропада табиғи газдың көтерме бағасы 40%-ға өсті.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"