Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспийге аққулар ұшып келді: Әлеуметтік желіде әсерлі видео пайда болды

Аққулар Каспий теңізіне қыстау үшін ұшып келді. Қоқиқаздарды түсіріп, басы дауға қалған Азамат Сәрсенбаев кезекті видеоны жариялады. Ол бұл жолы аққуларды камераға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін ақтаулық Азамат Сәрсенбаев бір топ қоқиқазды видеоға түсіріп, оны желіге жариялаған еді. Әсерлі шыққан видео әлеуметтік желілерде оқырмандар ықыласына бөленді. Дегенмен кейін оны арнайы ведомство жауапкершілікке тартытыны белгілі болды.

Соған қарамастан автор Facebook-тегі парақшасында тағы бір видеоны көпшілік назарына ұсынды.  Бұл жолы ол Каспий теңізінде аққулардың қыстауын түсірді. Сөзінше, аққулар қонақүйге қарама-қарсы бетте жүзіп жүрген.

"100 метр қашықтан осындай сұлулықты көргенде өзіңді ұстап тұру қиын", - деп жазды Сәрсенбаев.

"Осы уақытқа дейін -  қорғалатын аумақтың жолдың арғы жағында орналасқаны туралы ешқандай белгі немесе ақпарат жоқ", - деп қосты оператор.

Еске салайық, Маңғыстау облысында құстар мен жануарларға, сондай-ақ олардың қорғалатын табиғи аумақтардағы мекендеу ортасына теріс әсер етуі мүмкін болғандықтан дронмен видеоға түсіруге тыйым салынған еді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 08 Желтоқсан, 2020 10:36
Талқылау