Соңғы жаңалықтар

Каспий жағалауында құстар қырылып жатыр

Атыраудағы "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватында жабайы құстар жаппай қырылып жатыр. Мамандар бұған не себеп болғанын әзірге анықтаған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Каспий теңізінің жағалауында құстар өткен аптаның аяғында қырыла бастаған. Бірақ резерват өкілдері бұл жайында ештеңе айтпады. Қанаттылардың өлімі көбейіп кеткен тұста ғана жұртқа жария етті. Басында 5-10-дап өле бастаған. Қазір өлген суқұзғындар мен шағалалардың саны жүзге тақап қалды.

Жергілікті орнитологтар жылы жаққа ұшып бара жатқан құстар жолға шыдамай шаршап өлуі мүмкін деген де болжам жасап отыр. Бұл жағдайдың нақты себеп-салдарын анықтау үшін мамандар елордадағы Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталыққа өлген қанаттылардың биоматериалдарын жіберген. Қорытындысы қашан шығары әлі белгісіз.

"Барлық сараптама су, топырақ, ауа бәрінің сынамалары алынды. Әзірге енді нақты шешім қабылдай алмай отырмыз. Енді осыған байланысты бүгін жұмыс комиссиясы құрылып, мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес органдардан құрылған жұмыс комиссиясымен сол аумақты барып тағы да бақылап, зерттеп қарауға дайындалып жатырмыз", - деді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Мереке Шалқаров.      

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр