Каспий теңізінде үйректерді қайықпен басқандар жазаланды
Каспий теңізінде жүзіп жүрген үйректерді қайықпен басқа екі балықшы әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің хабарлауынша, өз әрекеттерін видеоға түсірген азаматтардың кім екенін анықталған.
"Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан су қоймаларының ережелерін бұзғаны үшін екі азаматқа айыппұл салынды", - делінген ресми хабарламада.
Олардың әрқайсысы 20 АЕК (55 560 теңге) көлемінде айыппұл арқалады.
Бұған қоса, шекара қызметкерлері қазақстандықтарды табиғат тыныштығын бұзбауға шақырды.
Еске салайық, бұған дейін теңіз бетінде жүзіп жүрген үйректерді қайықпен басқан тұрғындардың қылығы желі қолданушыларының наразылығын тудырған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”